4-тапсырма. Оқиық, қызық! Маймыл мен айна
(Крыловтан)
Айнаның қарсы алдына Маймыл барып,
Айнадан өз суретін көре салып,
Аюға жанындағы күліп айтты,
Ақырын аяғымен түртіп қалып:
«Бері қара! Бұ кім өзі, мынау перің?
Білмеймін қайдан шыққан мұндай көрім?!
Он екі мүшесінің бірі оңды емес,
Көз салып, қарап тұрсам әрбір жерін!
Мен бұған титтей ғана ұқсас болсам,
Ішіме пышақ салып өлер едім!
Ол рас бес-алтау бар екені
Кейіпсіз нақ осындай бөлелерім».
«Маймылжан, біраз ғана етсең төзім,
Менің бар жалғыз ауыз айтар сөзім:
Әуре боп бөлелерің санағанша,
Абайлап қарашы әуел өзіңе-өзің».
Аюдың бұл ақылы айтқан досқа,
Бір жүріп, бірге тұрған көңіл қосқа,
«Алды – жөн адасқанның» деген сөз ғой,
Тыңдаусыз, құр далада қалды босқа.
Аударған А.Байтұрсынұлы ә тапсыр ма

KatiG KatiG    3   03.03.2021 18:52    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi