4-тапсырма. Оқиық, қызық! Алматыдағы ерекше трамвай
Таңғажайып трамвай-кофехана – алма-
тылық студенттердің бірегей жобасы. 1976
жылы құрастырылған чехиялық жолаушылар
тасымалдайтын көлікті жоба авторлары қо-
ғамдық демалыс әрі тамақтану орнына ай-
налдырды. Алматы қаласының көшелерімен
жүретін бұл ерекше трамвайда жалпы 27
орынды 7 үстел мен бар үстелдері орналасқан. Вагонның іші қызыл түсті, сәнді
безендірілген.
www.obrazovanie.kz
Әлемдегі ерекше әуежай
Оңтүстік Кореяның Сеул қаласынан 70 шақы-
рымда орналасқан Инчхон әуежайы – әлемдегі
ірі әрі ең керемет он әуежайдың бірі. Ол
2001 жылы ашылған. Әуежайдың басты артық-
шылығы ондағы ойын-сауық кешендері.
Адамдардың көпшілігі әуеге көтерілу алдында
қобалжып жатады. Осындай ыңғайсыздықтың
алдын алу мақсатында әуежайда түрлі ойын-
сауық бұрыштары ұйымдастырылған. Бұл әуежайда жүріп түрлі қызықты
іс-шараларды тамашалап, ұлттық киімдерді киіп суретке түсуге болады. Тіпті
арнайы орындарда бір сағаттай мызғып алуға да болады.