4-тапсырма. Оқиық, қызық алма- Алматыдағы ерекше трамвай Таңғажайып трамвай-кофехана тылық студенттердің бірегей жобасы. 1976 жылы құрастырылған чехиялық жолаушылар тасымалдайтын көлікті жоба авторлары қо- ғамдық демалыс әрі тамақтану орнына ай- налдырды. Алматы қаласының көшелерімен жүретін бұл ерекше трамвайда жалпы 27 орынды 7 үстел мен бар үстелдері орналасқан. Вагонның іші қызыл түсті, сәнді безендірілген. www.obrazovanie.kz шылығы Әлемдегі ерекше әуежай Оңтүстік Кореяның Сеул қаласынан 70 шақы- рымда орналасқан Инчхон әуежайы – әлемдегі ірі әрі ең керемет он әуежайдың бірі. Ол 2001 жылы ашылған. Әуежайдың басты артық- ондағы ойын-сауық кешендері. Адамдардың көпшілігі әуеге көтерілу алдында қобалжып жатады. Осындай ыңғайсыздықтың алдын алу мақсатында әуежайда түрлі ойын- сауық бұрыштары ұйымдастырылған. Бұл әуежайда жүріп түрлі қызықты іс-шараларды тамашалап, ұлттық киімдерді киіп суретке түсуге болады. Тіпті арнайы орындарда бір сағаттай мызғып алуға да болады. www.massaget.kz 2 І А Мәтіндерден туынды зат есім- дерді тауып жазыңдар. Мәтіндерден «Кім?» деген сұраққа жауап беретін сөздерді табыңдар.