4-тапсырма. Мәтіннен үзіндіні жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан талдаңдар. «Ардақты ағалар, біз — Кеңес, Бакытжан, мен үшеуміз әкелеріміздің достык шарапатының арқасында кішкене кезімізден дос, бауыр болып өстік. Біріміздің «. Әкелеріміздің өсиет-дәстүрін жатырмыз. Бүгін мен алғаш рет немерелі болдым. Бауыржан папамның тұңғыш шөбересі өмірге келді. Сол нәрестенің атын қойып, бата беріңіздер, – деп толкып көзіне жас алды».
Құндылық — белгілі бір заттың маңыздылығы, керектігі. Сырттай құндылық зат не құбылыстың қасиеті болып анықталады. Алайда оның маңыздылығы мен пайдалылығы табиғаттан, объекттің ішкі құрылымының әсерінен емес, адам болмысына енген, адам оған құштар не қажеттілік сезетін нақты қасиеттердің субъективті бағалануынан болады. Құндылықтар жүйесі адамның күнделікті қоғамдық не жеке тұрмыстық бағдарында, оның айналасындағы заттар мен құбылыстарға қарым-қатынасының орнауында орын алады. Мысалға, стақан сусын ішу құралы ретінде өз пайдалы қасиетін тұтынушы құндылығы ретінде, материалдық игілік