4-тапсырма. Мәтіннен сын есімдерді тауып, теріп жазыңдар.
Қазіргі заманғы киімнің атқаратын қызметі сан алуан. Киім адамның бірінші кезектегі қажеттіліктерінің бірі болғандықтан, ең алдымен қорғаныш қызметін атқарады. Өйткені, киім адам денесін табиғаттың және өндірістік ортаның әртүрлі әсерлерінен қорғайды. Киім адам денесіне кигенде оның қимыл-әрекетіне ыңғайлы болуы керек, яғни физиологиялық-гигиеналық қызмет атқаруы керек. Ақпараттық қызмет киім туралы және адамның мамандығы, талға- мы, мәдениеті туралы ақпарат береді. Киімнің адамның сыртқы келбетіне жарасымдылығы, сапа деңгейі оның эстетикалық қыз- меті арқылы айқындалады