4-тапсырма. Мәтінді тыңда, оқы.
Ұлы Жібек жолы
1. Біздің заманымызға дейінгі ІІ ғасырдың ортасында Еуропа мен Азияны біріктірген
Ұлы Жібек жолы пайда болды. Ұлы Жібек жолы - Қытай мен Еуропаны байланыстырған
сауда жолы. Осы уақытқа дейін негізінен, «лазурит жолы», «нефрит жолы» және «құндыз
жолындағы» сауда қызып тұрды. «Лазурит жолы» - Мысыр, Иран, Вавилон елдеріне
Памир тауларында өндірілген лазурит тасы тасымалданған жол. «Нефрит жолымен» Қытай
патшалары мен бай-шонжарларына арналып жасалатын зергерлік бұйымдарға қажетті гауһар
тас, нефрит Қашқардан Қытайға тасымалданған. «Құндыз жолымен» бағалы аң терілері
әртүрлі елдерге таралған.​

vovovakgs vovovakgs    1   30.11.2020 12:48    6

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi