4-тапсырма. Мәтінді тыңдаңдар (48-аудио). Бүркіттің қандай қасиеттері туралы айтылған?
Жыртқыш құстар тауда да, далада да
тіршілік етеді. Олар тұмсықты, өткір тырнақты,
кең қанатты болып келеді. Жыртқыш құстардың
ең ірісі – бүркіт.
Бүркіт тамаша аңшы. Оның негізгі олжа-
сы сарышұнақтар, қояндар, суырлар және
басқа ірі кемірушілер, сондай-ақ кекілік, ұлар
сияқты құстар.
Бүркіттің тамаша аңшылық дағдысы біздің
елде де ежелден пайдаланылды. Бұл күшті әрі
тәкаппар құстарды үйрететін адамдардың
бүркітшілердің бірқатар мектептері бар. Бүркітпен, негізінен, қоян
және түлкі аулайды, дегенмен жақсы үйретілген бүркіт қасқырды да
ала алады.
Бүркіт — күшті және әдемі құс, оның бейнесі мемлекеттік рәмізде
бейнеленген. Бүркіт Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген.
«Мектеп» энциклопедиясынан​

Alexexey132 Alexexey132    3   05.03.2021 08:32    22

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi