4-тапсырма. Мәтінді оқып, оған тақырып қой. Мәтіннің мақала түрінде
рәсімделуін дәлелде. Ойды жалғастыр. Мәтіннен сөйлемнің бірыңғай
мүшелерін тап.
Бүгінгі таңда туризм – экономиканың ең жоғары кірісті және үдемелі
дамитын салаларының бірі. Туризм еліміздің әлеуметтік-экономикалық
дамуын жеделдетумен қатар өлкеміздің абырой-беделін арттыруға,
жұртшылықтың білім-танымының жоғарылауына, ақпарат таратудың
жаңа түрлерін енгізуге ықпал етеді. Туризм дамуының жоғары қарқыны,
валютаның зор түсімдері экономиканың әртүрлі секторларына белсенді
әсер етеді, бұл туристік индустрияның қалыптасуына көмектеседі.