4-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Тілдік ерекшеліктері арқылы мәтіннің жанрын (әңгіме, мақала, өсиет, баяндама) анықтаңдар. IT мамандары Бұл мамандарға деген сұраныс бүкіл әлем бойынша алдыңғы қатарларда. Мемлекет бүгінде IT технологиялар арқылы дамуда. Әрине, бұл сала мамандары біздің өмірімізге кең тамырын жайып үлгерді десек артық емес. Өйткені күнделікті өміріміз ақпараттық технологияларға барынша бейімделіп жатқандықтан, бұл мамандық иелері қаншалықты көп болғанымен, артықтық етпейді. Еліміздегі мемлекеттік қызметтің электронды құжаттамаларға өтетіндігін, мектептердегі роботты техникаға арналған жаңа зертханалардың ашылып жатқандығын ескерсек, IT мамандарының қажеттілігінің қаншалықты екендігін ұғамыз. Айта кетейік, әзірге елімізде бағдарламашылар (программист) тапшылығы басым. Жұмыс берушілер көп жағдайда жұмыс іздеушілердің компьютердегі «шеберлігіне» аса мән береді. Сондай-ақ бұл мамандықтың ең маңызды ерекшелігі – үйде отырып та еңбектенуге болады. сделать зат есын сын есым етистык