4-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Патша нөкерлерімен бірге серуенге шыққанда жер өңдеп жүрген
егіншіні кездестіреді. Тырбанып еңбектеніп жатқан қарапайым
адам патшаның көңілінен шығып, онымен сөйлесуге ықыласы ауа-
ды. Бірнеше сауалдан кейін патша егістіктің бұл адамдікі емес
екенін, күніне 15 лира үшін жалданып еңбек ететінін ұғады. Патша
жалақысының аздығына қайран қалады. Себебі патша сарайының
бір күндік шығыны жүздеген алтынға шығатын еді. Шаруа патшаға
қарап:
Бұл ақша қанағатшыл адамға тіпті көп те болады. Мен ақшамды
үшке бөлемін. Бір бөлігімен өмір сүремін. Бір бөлігімен қарызымды
өтеймін. Бір бөлігін қорға жинаймын, - дейді.
Патша бұл жұмбаққа ұқсаған сөздерден еш нәрсе түсінбейді.
Ақкөңіл диқан күлімсіреп:
Ақшаның бір бөлігімен қарызымды қайтарамын дегенім – бала
кезімде үлкен қамқорлық көрсеткен әкем мен шешем ғой. Ақшамның
бір бөлігін соларға беремін. Ақшамды қор ретінде жинаймын дегенім –
бұл ақшамның бір бөлігін балаларымның біліміне төлеймін. Менің
қол-аяғым жұмыстан қалған жағдайда, олар маған көмектеседі деп
үміттенемін. Қалған ақшамды өзімнің мұқтаждықтарыма жұмсаймын,
дейді.
Патша қарапайым адамның бұл әрекетіне риза болады. Намысшыл
шаруаның балаларының біліміне төлейтін ақшаны өз мойнына алады.
«Ана тілі» газетінен
75​

зулейха4 зулейха4    3   28.11.2020 16:57    4

Ответы
Urinasonya Urinasonya  28.12.2020 16:57

Объяснение:

Оқисың

1)мен бұл ақшаның бір бөлігін қарызға беремін деді себебі оларда мені бала кезімде асырады деп патшаға түсіндіреді.

2)Ол Намыс Шаруаның балаларының біліміне төлейтін ақшаны өз мойнына алады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi