4-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Мәтіндегі мақалдар бойынша интонация компоненттерін анықтаңдар. Мәтін бойынша ой бөлісіңдер. 2
Yят
ең қадірлі қасиет. Адамзат бойында табиғи берілетін улы
құндылық. Ұят — жасаған әрекетіңнің жөнсіздігін түсінушілік. Намысқа
кір келтірушілік, моральдық рухтың асқақтығын қорлау - масқара
болушылық. Қазақта «Өлімнен ұят күшті», «Ақылың болса, арыңды
сақта: ар-ұят керек әр уақытта», «Еңбек өмірді ұзартады, ұят бетті
қызартады», «Бар барын жейді, ұятсыз арын жейді» деген мақалдар
қазіргі уақытта жиі қолданылады. Бала тәрбиесінде де, отбасында да
осындай тілдік құндылықтар арқылы ұлттық болмысымызды дұрыс
сақтауға тырысып келеміз.
Ұят туралы ұлыларымыз да айтып кеткен. Хакім Абай атамыз отыз
алтыншы қарасөзінде: «Кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ»
деген. Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов: «Мен ұят деген сөзді өте
жоғары бағалаймын. Ұят дегенді ұлы күш деп ойлаймын. Адамшылық-
тың, адалдықтың, уәдешіліктің, тұрақтылықтың, тазалықтың түп қазы-
Ры - ұят деп білемін. Ұяты жоқтан үміт күтпеймін. Ұры-қары, қарақшы,
ұяты жоқтан шығады. Ұят - ең қымбат қасиет, ұяттыда
ұ,
яты бар-
көмектесіңдесіңдерш