4-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқы. Наурыз мейрамы
Наурыз шығыс халықтарының мейрамы. Ол күн мен түн
теңесетін 22 наурызға сәйкес келеді. Ұлыстың ұлы күні аталатын
осы сәт жыл басы саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ер
адамдар бір-бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады, әйелдер бір-
бірімен құшақтасып, игі тілектер айтады. Бірін-бірі мерекеге арнап
жеті түрлі дәмнен пісірген наурыз көжеге шақырады. Әдетте осы
күні адамдар өкпе-реніштерін кешіріп, татуласады, өшпенділіктен
арылып, ынтымақтасуға ұмтылады. Жастар алтыбақан басында
ән шырқап, күй тартады. Дәстүрлі көкпар, аударыспақ, қыз қуу,
күрес сияқты ұлттық ойындар ойналады. Таң ата жұртшылық
биік төбенің басында шыққан күнді қарсы алады. Жарықтың
қараңғыдан, жылудың суықтан, жұмсақтың қаттыдан басым
түскен осы жасампаздықтың мерекесінде ауыл тұрғындары бұлақ
166