4-тапсырма. Мәтін бойынша сұхбат құрыңдар. Азамат үшін өз өмірін өрелі мақсат жолында сарп етуден артық,
мурат жоқ. Азаматтық белсенділік тек елдің алдымен бiлегiн түрiп шыға
келетін елгезектік емес, ол бүгінгі күн пәрменінен ертеңгі келешектің
көкейтесті мүддесін та танып барып, қайратқа жүгініп,
әрекетке жүгіретін қапысыз көрегендік. Мұндай өресі биік күресте сара
ақылмен қоса, салқын сабыр - таптырмас қару. Ұрпақтың ұрпаққа
қалдырар ең асыл мұрасы - өзі бастан кешкендерден түйген азды-көпті
рухани тәжірибесі. Одан қол үзген қауым өзінің келешегінен күдер
үзген қауым.
(Әбіш Кекілбаев)
1. Еліңнің тағдыры - өзіңнің тағдырың.
2. Бүгін сен түзелсең, ертең ел түзеледі.
3. Еліңнің жұты болма, құты бол.
4. Бақ атадан қалған мұра емес.
(Мырзатай Жолдасбеков)
Зиялылар өз халқына қызмет етудің, халықпен ортақ тіл табыса
білудің неғұрлым тиімді жолдарын таба білуі тиіс.
Ұлттық рухтың негізі
ұлттық тіл.
Тіл – халықтың перзенті.
Ұлттық зиялылар қатарына тек өз халқының саяси-экономикалық
және әлеуметтік дамуына қалтқысыз қызмет ете алатын адамдар ғана
кіре алады.
ӨТІНЕМ