4-тапсырма. «ЭКСПО» атауы «экспонат» деген сөзден шыққан. Қазақ-
ша «жәдігер», яғни ол жер жүзін мекендеген барша халықтың
өмірдің түрлі саласында қол жеткізген жетістіктерін, жәдігерлерін
көрсететін алаң. Онда ЭКСПО-ның кезекті таңдаған тақырыбына
орай а ң бұрын-соңғы жеткен жетістіктері көпшілік
назарына ұсынылады.
ЭКСПО 2017 жылы Қазақстанда – Астана қаласында өтті. Оның
тақырыбы «Болашақ энергиясы». Әлемнің барлық өнертап-
қыштары мен ғалымдары өздерінің «жасыл» технологиялардағы
жетістіктерін көрсетті. Егер бұрын адамдарды жаңа мәшинелер
мен пойыздар қызықтырған болса, қазір жылытуға энергия шығы-
ны аз кететін үй салу қызығырақ болып отыр.
ЭКСПО тек технологиялық жетістіктердің көрмесі мен бола-
шақ технологияларды көруге деген талпыныс қана емес, сонымен
қатар барлық қонақтарға арналған аумақты мәдени бағдарлама.
Көрмедегі бірінші нысан «Нұр әлем». Ол инженерлік ой мен ар-
хитектура тұрғысынан тартымды. Салмағы 13 мың тоннадан астам,
2824 әйнектен тұрады. Әрбір әйнектің салмағы 600-ден 800 кг де-
йін тартады. Бұл әйнектердің ерекшелігі екі жазықтықта иіліп,​

krudnya krudnya    2   02.12.2020 12:32    5

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi