4.Өлеңнен сын есімдерді тауып жазыңыз. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы домбығып, үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы
Бет қарауға шыдамай теріс айналды.
Қар тепкенге қажымас қайран жылқы
Титығы құруына аз-ақ қалды.
Сын есімдер: ақ, денелі, суық, жас, аз-ақ.
(негізі тағы да болуы мүмкін)
Сын есімдер : ақ (қандай?) , денелі (қандай?),сақалды(қандай?), соқыр (қандай?), мылқау (қандай?), суық (қандай?), кәрі (қандай?), бұлттай (қандай?), борандай (қандай?), жас (қандай?), аз -ақ (қандай?).