4 энциклопедиялар мен балаларға арналған газет-журналдардан
Айша Ғалымбаеваның шығармашылығы туралы ақпараттар жи-
нап, авторына сілтеме жасаңдар.

Гелакси27 Гелакси27    3   28.12.2020 12:11    3

Ответы
Føxŷ12 Føxŷ12  27.01.2021 12:12

Айша Ғалымбаева 1949 жылы Мәскеудегі Бүкіл­одақтық мемлекеттік кинематография институтының көркемсурет-безендіру бө­лімін аяқтағаннан соң, Ал­маты көркемсуретті және хроникалық фильмдер киностудиясында ең­бек еткен. Оның кино өне­ріндегі ең алғашқы, әрі дип­ломдық жұмысы «Абай әндері» киносценарийіне декорация­лар, костюмдер мен кадр­лар көрінісінің эскиздері. Сондай-ақ «Қо­зы Көрпеш-Баян Сұлу», «Махаббат туралы дастан» (1954), «Шабандоз қыз», «Бұл Шұғылада болған еді» (1955), «Дала қызы» (1966) кинофильмдеріне кос­тюмдер эскизін жасаған. Сонымен қатар Шоқан Уә­ли­хановқа арналған «Оның уақыты келеді» ки­но­­филь­мінің түсірілу ке­зін­де қазақ тұрмысы және костюм бо­йын­ша кеңесші болып қыз­мет атқарады. 1958 жылы суретшінің талай жыл тер төккен «Қазақтың ұлттық киімдері» суретті альбомы басылып шығады.

Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.egemen.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на egemen.kz: https://egemen.kz/article/163245-kasibi-suret-onerininh-klassigi-%E2%80%93-aysha-ghalymbaeva

© egemen.kz

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi