4. достық пен қастық туралы фразеологизмдер жинап, мəндес жəне қарсы мəндес фразеологизмдерді топтастырыңдар.

ДаНьКаЗнАеТ ДаНьКаЗнАеТ    3   01.10.2019 14:02    56

Ответы
kkdyming48kg kkdyming48kg  09.10.2020 08:01

Достық туралы фразеологизмдер (тұрақты сөз тіркестері):

Арасынан қыл өтпейді – өте тату

Арқа сүйеу – сүйеніш еті

Әңгімесі жарасу – ортақ тіл табысу

Бауыр басу – үйрену

Қаймағы бұзылмау – бірлігі бұзылмау

Қол жалғау (қол ұшын беру) – көмектесу

Етене жақын - жан достай

Қастандық туралы фразеологизмдер (тұрақты сөз тіркестері):

Ала жіпті аттау – қиянат жасау

Ақ ауыз қылды – алдап кетті

Жер астынан жік шықты, қос құлағы тік шықты – табан астынан бәле шықты

Көзіне топырақ шашу – жамандық жасау

Тіс қайрау - өшігу

Көз аларысты - жауласты

Өштесті - өшін алды, кек қайтарды

Жеп қоя жаздады -  ашуланды

Мәндес фразеологизмдер:

Қол жалғау (қол ұшын беру), арқа сүйеу;

Етене жақын, арасынан қыл өтпейді.

Қарама - қарсы мәнді фразеологизмдер:

Көзіне топырақ шашу - қол жалғау (қол ұшын беру); тіс қайрау - арасынан қыл өтпейді т.б.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi