?. 4. Деңгейлік тапсырманы орындаңдар. 1-деңгей. Мәтіннен орфоэпиялық норма бойынша жазылған сөздерді тауып, оны келе- сі бағанға орфографиялық норма бойынша жазыңдар. 2-деңгей. Өздерің ерін үндестігіне мысалдар жазып, заңдылығын түсіндіріңдер. 3-деңгей. Қара бидің батасындағы қою қаріппен терілген жолдарды қалай түсінген- деріңді жазыңдар. Қошқарүлү Жәнібек он үш жасында қара биден бата алмақ болып, жолға шығады. Бірақ оның сәті түспей, жаугершілік басталып, үлкөн соғыстың ара- сынан өте алмайтын болған соң кері қайтады. Содан арада үш жыл өтіп, ол он алты жасқа шығады, соғыс та аяқталады, Қара биге келіп, сәлем береді. Қара би онұң сәлемін қабылдап тұрып: - Әй, мен сені осыдан үш жыл бұрын күтіп едім, сонда неге келмедің? - депті. Жәнібек болған оқиғаны айтады. - Е, онда жөн басқа, - дейді Қара би. - Менде қандай бұйұмтайың бар? - Оны өзіңіз де білесіз, маған керегі – сіздің батаңыз, - дейді Жәнібек. Сол кезде би қолын жайып: Бедері жоқ қамқадан Берік тоқұлған бөз артық. Бірлігі жоқ туыстан Берік сөйлескен жат артық. Пайданы алыстан қылғайсың, Залалды жақыннан қылғайсың, деп батасын беріпті.