4-бөлім: Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі Мектеп: «№30 ЖОББМ»КММ Күні: Сыныбы:5-сынып Мұғалімнің аты-жөні: Кудайбергенова Жазира Маликовна Сабақтың тақырыбы Жануарлар және тіршілік Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары О5 Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу: Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру ӘТН 3 Лексикалық норма: Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар: Мәтін мазмүнын түсініп, сұрақтар құрастырады. Омоним, антоним, синонимдерді қолданады. Көптеген оқушылар: Мәтін мазмұнын түсінеді, ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады. Омоним, антоним, синонимдерді ерекшеліктеріне сай қолданады. Кейбір оқушылар: Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолданады. Бағалау критерийлері Оқылым мақсаты бойынша: ✓ мәтін мазмұнын түсінеді; ✓ нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыра алады. Әдеби тілдік норма бойынша: ✓ мәтіннен омоним, антоним, синонимдерді анықтайды; ✓ омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолданады. Пәнаралық байланыс Биология, әдебиет АКТ қолдану дағдылары Таныстырылым арқылы ақпарат қабылдайды. Жоспар
Жоспарла- натын уақыт Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер Дерек көздер
2 минут
8 минут
Оқылым мәтіні бойынша тапсырмалар: «Түлкі мен қырғауыл» ертегісі оқы
Түлкі мен қырғауыл Бір түлкі қалың ағашты аралап келе жатып, ағаштың басында отырған қырғауылды көреді де, жақындап келіп: - Сәлеметсіз бе, қырғауылым, халың қалай? – дейді. Қырғауыл: - Жақсы өзің қалай тұрасың? – дейді. Түлкі: - Жерге түсіп, сөйлессеңіз қайтеді, бір құлағым естімеуші еді? – дейді. Қырғауыл: - Жерге түсуге қорқамын, жерде әр түрлі аңдар бар, бізді жеп қоюы мүмкін, – дейді. Түлкі: - Әй, достым, қазір заман бұрынғы заман емес, жаңа ғана келдім, бұйрық шығыпты, біреуге біреу зорлық қылмасқа, қой мен қасқыр бірге жүрсін, түлкі мен тауық бірге жүрсін деген, – дейді. Қырғауыл: - Жақсы хабарыңыз бар екен, рахмет достым! Мына жақтан бір иттер келе жатыр, оларға да хабарыңызды айтыңыз, естісін, – дейді. Ит деген сөзді естіген соң, түлкі алды артына қарамастан қаша жөнеледі. Қырғауыл: – Қайда барасың, түлкім, бұйрықты ұмытып кеттің бе? – дейді. Түлкі: – Кім біледі, бұйрықты ол естімеген шығар, – дейді міңгірлеп.
1-тапсырма. Берілген ертегіге қандай ат қояр едіңдер. Мәтін бойынша үш сұрақ құрастырыңыз?
Дескрипторлар: Ертегіге атау береді; Мәтін мазмұнына сәйкес 3сұрақ құрастырады
1-тапсырма
Мен берілген ертегіге "Алданған түлкі"деген ат қояр едім.
1)Қырғауыл түлкіні қалай алдады?
2)Түлкі қырғауылға қандай бұйрық туралы айтты?
3)Неліктен түлкі қырғауылға "жерге түсіп сөйлессеңіз қайтеді,бір құлағым естімеуші еді"деп айтты?
2-тапсырма
Антоним:бұрынғы заман-қазіргі заман