3минут ішінде құрамында дерексіз зат есімі бар жұмбақтар тауып жазу керек

ulviismailov13 ulviismailov13    3   08.07.2019 14:20    8

Ответы
Kimaru110 Kimaru110  02.10.2020 22:51

1. Бір басты,екі тілді бір мақұлық,

Жүреді айдалада ырғатылып,

Менсініп ешбір жанмен тілдеспейді,

Өзінің сөйлеспесе досты барып.

Жиһанда қанша ділмар болсаң-дағы

Тұрасың сөйлесе алмай болып ғарып,

Онымен тілдесе алсаң сөз шығарып,

Кісіге пайдасы көп, залалы жоқ,

Дос болсаң бар мұқтажың бітер анық.  (Қалам)


2.  Жаны жоқ болса да,

Ақылды адам ісін істейді.  (Кітап)


3. Дәмі жоқ, түсі жоқ,

Көзге көрінбейді,

Бұл не?  (Ауа)


4. Қабат-қабат қаптама.

Ақылың болса аттама.  (Кітап)


5. Астында төсегі бар салған тағы,

Адамша сөз сөйлейді тілі жоқ, жағы,

Теңізден салған жолы сайрап жатыр,

Мүдірмей ойлап тапшы мұны-дағы.  (Қалам)


6. Жаны жоқ, бірақ ізі бар,

Жетектеп өзің жүресің.

Сол ізді қайта зерттеп кеп,

Көп нәрсені білесің.  (Қалам, жазу)

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi