35. Максим Зверевтің «Мен қалай жазушы болдым?» мәтінін тү. сініп оқы.
1903 жылы мен сегізде едім. Әкем: «Баламды көктемгі
аңшылыққа апарам», – дегенде шешемнің көзі шарасынан
шықты. Сонда қос ат жеккен арбаның лайсаң батпаққа
күпшегінен* кіріп келе жатқанын ұмытпаппын. Табиғатпен
тасыған су жиегіндегі көгалда
қоян-қолтық келгенім*
қарсы алған таңым жадымда өшпестей болып қалыпты.
Үйге келген соң жаңағы сапарымды жазғым келді. Үлкен
сызықты дәптерге тұңғыш рет өңгіме жазып, әкеме көр-
сеттім. Менің емле қателерімді көргенде,
жаздыгүні
әкем жағасын ұстап, қызыл қарындашпен
көзілдірік
түзете бастады.
Арада бірнеше жыл өтті. Жаздыгүні тал
түсте иісі аңқыған пішен маясының төбесіне шықтым.
Тұс-тұстан құстар сайрайды. «Өз көзіммен көргенімді жаз-
сам қайтеді» деген құштарлық ерiкке қоймады. Бір өші-
ріп, бір жаздым. Қате қаптап жүр екен. Қателерімді түзеп,
жазғанымды әдемілеп көшірдім. Содан кейін әкеме көр-
сеттім. Ол кісі оқып шықты да, көзілдірігінің үстінен маған
таңдана қарады.
Мен ғалым-зоолог болсам да, «Жазсам-ау!» деген құмар-
лығым бәсеңдеген жоқ. Бүгін, міне, балалар, менің табиғат
жайында жазған 120 кітабым бар.
Менің кішкентай оқырмандарым, оқудан, үйренуден
жалықпаңдар.
Аударған Мұзафар Әлімбай •Мəтіндегі негізгі ой мен тақырыптың не туралы екенін анықта.•Мəтіннің соңғы бөлігіне ат қой. Қойған атың негізгі ойдың қысқаша атауы екенін дəлелде. • Мəтіннен біріккен сөзі бар сөйлемді тауып жаз.​

Galinachlen Galinachlen    3   07.12.2020 11:48    5

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi