35 . есімдік-зат есім, сын есім,сан есімдердің орнына жұмсалатын сөз табы. есімдіктің мағынасы алдындағы сөйлемге байланысты анықталады. мағыналарына қарай есімдіктер мынадай топтарға бөлінеді:
1. жіктеу есімдіктері ,(мен, сен, ол, біз, сендер, сіздер, олар)
2. сілтеу есімдіктері (бұл,анау,мынау,сонау,сол)
3. сұрау есімдіктері ( кім? не? қанша? қашан? қайда? )
4. өздік есімдіктері ( өз)
5. белгісіздік есімдіктері ( біреу, әлдекім, әлдене)
6. болымсыздық есімдіктері ( ешкім, ешқашан, ешқайда)
7. жалпылау есімдіктері (бәрі, барлығы, күллі, түгел)