30 или БЕРЕМІН (точно не знаю) ... 4- тапсырма. Сөйлем мүшелерін тауып, мәтінге тақырып қой. Экология ғылымы адам мен табиғаттың, қоршаған ортаның, жануар- лар мен өсімдіктер әлемінің бір-бірімен арақатынасын, олардың үйле- сімді дамуы мен сақталуын зерттейді. Ол биология, география, жара- тылыстану, химия, физика ғылымдарымен тығыз байланыста дамиды. Оның биоэкология, геоэкология, әлеуметтік экология, инженерлік эко- логия, медициналық экология сияқты салалары бар. Олардың басты мақсаты – табиғат пен жануарларды қорғау. Арал Қазақстандағы Каспий теңізінен кейінгі екінші үлкен көл. Ол өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап тартылып, экологиялық қауіпті аймаққа айналды. Сондықтан Қазақстанда Сырдария өзенінің сағасын реттеу мен Арал теңізін қалпына келтіруге арналған арнайы жоба жасалып, Солтүстік Арал теңізі сақталып қалды. Бұл – табиғатты қорғаудың үлгісі. Қазақ даласын ерте замандардан бері мекендеген жануарлардың бірі құлан. Кеңес заманында олардың саны күрт кеміп, жойылуға аз-ақ қалды. Қазақстанда құландарды сақтап қалудың арнайы жоба- сы аясында олар «Алтынемел» табиғи қорығына жеткізіліп, мемлекет қамқорлығына алынды. Соның нәтижесінде олардың саны қазір 3000- нан асты. Бұл – жануарларды қорғаудың үлгісі. Табиғат біздің досымыз. Оны қорғау – әркімнің абзал борышы. олбок