3-жаттығу. Көп нүктенің орнына шығыс септік жалғауларының тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. Сөздерге сұрақ қой. 1. Арман сабақ... үйге қайтты. 2. Мен Ғалия... хат алдым. 3. Орындықты ағаш... жасайды. 4. Бала ит... қорқады. 5. Дәріхана сағат он... жұмыс істейді. 6. Анам маған жібек... әдемі көйлек тікті. 7. Концертке жүз... астам оқушы жиналды. 8. Әжем дүкен... келді. 9. Біздің ауылға қала... жас маманды жіберді. 9. Бала әкесі... үлгі-өнеге алады.

4-жаттығу. Сөздерді шығыс септікке қойып, сөйлем құрастыр.

Қайдан? - Талдықорған...
мектеп...
өзен...
Семей... келді
жайлау...
алыс...

Неден? - балық...
жүзім...
шие... пісіреді
ұн...
ет...
алма...

7-жаттығу. Берілген сөздерге сұрақ қойып, төмендегі кестені толтыр.

Мақтадан, таудан, сөздіктен, аспаннан, күзден, үйректен, аспаздан, бүгіннен, түлкіден, мұғалімнен, Ертістен, дүйсенбіден, Әсеттен, қаладан, анадан, сағат бестен.

Кімнен? Неден? Қайдан? Қашаннан?

Vika15077 Vika15077    1   04.03.2021 14:45    5

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi