3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 6-сынып Бөлім «Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары. Морфология»

Оқу мақсаты: 6.1.3.1- тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, детальді ақпаратты анықтау, мәтіндегі

ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру

Тапсырма:

Мәтінді зейін қойып оқып, төменде берілген тапсырманы орында.

НВО телеарнасының мәлімдеуі бойынша кәсіпқой бокстағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин әлемнің үздік бес былғары қолғап шеберлері санатына енді. Әлемнің үздік боксшылары тізімінің көшін америкалық 36 жасар Флойд Мейвезер бастап тұр. Одан кейінгі орындарда 29 жасар Андре Уорд, 30 жасар Тимоти Брэдли және аргентиналық 38 жасар Серхио Мартинес бар. Ал GGG орта салмақ дәрежесіндегі қазіргі таңда әлемнің үздік боксшысы болып саналады. Бұған дейін Геннадий Головкин келесі кездесуін 3 қарашада америкалық Кертис Стивенспен өткізеді. Шаршы алаңдағы жекпе-жек Нью-Йорк қаласында болады.

Ал енді спорттағы мақтанышымыз туралы нақтырақ айтсақ, Головкин Геннадий 1982 жылы 8 сәуірде Қарағандыда дүниеге келген. Ол 2003 жылы әлем чемпионы және 2004 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. 7 рет Қазақстан Республикасының чемпионы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы, жастар арасындағы әлем чемпионы, ҚР I спартакиадасының чемпионы. Шығыс Азия ойындарының чемпионы, Азия ойындарының чемпионы, жеке сынақ бойынша Әлем кубогының чемпионы. Сонымен қатар

«А» класты турнирлердің бірнеше мәрте жеңімпазы. Ол 2006 жылы кәсіпқой боксқа ауысты. Гена WBA нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы атағын 8 рет қорғады және IBO нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы атағын 5 рет қорғаған. 89% нокауттық үлесімен Головкин кәсіпқой бокста орташа салмағы тарихында нокаут үлесі бойынша бірінші орында тұр.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі және спорт факультетін 2003 жылы бітірген. 2003 жылдан бері «Астана батыры» жекпе-жек клубы» МКҚК-да бокс жөніндегі нұсқаушы-спортсмен. Universum Box Promotion мүшесі, ҚР спорт шебері, Халықаралық кластағы спорт шебері, бокстан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері. «Құрмет» орденімен марапатталған.

1- Тапсырма Мәтінді түсініп оқы да детальді ақпараттарды анықта. ./Детальды ақпарат дегеніміз-мәтіндегі негізгі ақпаратты дәлелдейтін фактілер,мысалдар,жылдар,деректер,пайыздық көрсеткіштер,дәйексөздер/

р/с Детальді ақпараттар

1

2

3

4

2- тапсырма Берілген сөздердің біреуіне морфологиялық талдау жаса : Спортшының, өзімен,жазылған,жинатқызды,таран

Сөз:

Құрамына қарай-

Түлғасына қарай-

Мағынасына қарай-

Түбірі –

Қосымша / жұрнақ,жалғауы/

3-тапсырма. Достарыңның немесе туыстарыңның арасында бокспен не басқа спорт түрімен айналысатын адамдар бар ма? Олар туралы не айта аласың?

Бағалау критерийі № Дескриптор

Білім алушы

Мәтін мазмұнындағы

детальді ақпараттарды

анықтайды

Сөз табын, түрлерін ажыра-тып,талдайды 1

Мәтіндегі детальді ақпараттарды табады

1-ақпарат

2-ақпарат

3-ақпарат

4-ақпарат

Морфологиялық талдау жасайды:

Құрамын;

Тұлғасын;

Мағынасын;

Қосымшасын табады

1

1

1

1

1

1

1

1

2

Ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады 3 Спортпен айналысатын достары ,туыстары туралы әңгімелейді 3

Барлығы 11

Br0shn1k Br0shn1k    3   01.03.2021 09:01    7

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi