3-тапсырма. Жалқы есімдерді табыңдар. Күрделі-құрама атаулардың қай тақырыптық топқа жататынын түсіндіріңдер.
1.Еріксіз ер түрікті ойға аларсың,
Көкке асқан Хан Тәңіріге қарай-қарай...
Балқашты бауырына алған Тарбағатай,
Жоталы, жер кіндігі Памир, Алтай (М.Ж).
2. Осы отырған Дәуітбай, Омар, Тұршабайлар санақ кезінде жылқысының да, қойының да жартысын жасырып қалды.
3. Ақыры ол адам келмеген соң, мұны аудандық атқару комитетінің председателі Ыбыш Қалтаңбаевтың өзі қабылдады.
4. Қызыл Армияның құрамында азамат соғысына қатысқан.
5. Асқар мен Мырзабек Бірмағамбеттен туады. Бірмағамбеттің әкесі – Тоймағамбет, оның әкесі – Қамысбай, оның әкесі — Ұста, оның әкесі – Жауқашты.
6. Шілденің ортасында Асқар Ұлы Сардармен дуанда жолықты (Т.Ә.)
осы маған да осыны берген