3 тапсырма Вопросы к этому стиху:
Бір күнде бай баласы ем бұлғақтаған,
Доп ойнап, атып асық қылжақтаған,
Дариға! Ол заманым бастан кетіп,
Бұл күнде келіп қырсық шынтақтаған.

Мезгілді босқа өткізіп ойнағаным,
Ойынға қанша ойнасам тоймағаным,
Атаның ауыр дәулет аркасында,
Жоқ еді мұндай күнді ойлағаным.

Шіреніп басып шалқақ мырза атанып,
Құс атып, ит жүгіртіп, бүркіт салып.
Жүрген күн бәрі бірден кетті «қош» деп,
Артына бір қарамай көзін салып.

Мал бітер, бақ кетер деп санамадым,
Өнерге, ғылым-білім қарамадым,
Қолға ұстап ала қағаз жүрген күнде,
Бір банктен жүз теңгені аямадым.

Бәрінен сол дәуреннің болдым жұрдай,
Ешбірі кетті, шіркін, токтай тұрмай,
Баяғы дос пен кампан бірге жүрген
Бәрі де теріс қарайды мойнын бұрмай.


3 тапсырма Вопросы к этому стиху:Бір күнде бай баласы ем бұлғақтаған,Доп ойнап, атып асық қылжақтаға

rne rne    1   03.11.2020 15:43    210

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi