3-тапсырма. Төменде берілген мәтінді мұқият оқып шығып, зиялы адамға рінездеме беріп, оның портретін жасаңдар.
Елге қызмет ету – парыз
Болат Шайманұлы
Меніңше, зиялылық ұғымы ұлтқа деген көзқарасына орай бағалануы тиіс деп
ойлаймын. Ол оң немесе теріс болуы мүмкін. Пиғылы оң – зиялы, пиғылы теріс
ЗИЯНДЫ. Әрбір пиғылы оң зиялы өз Отанына абырой әкеледі. Бұл жерде ғылыми
атағы бар доктор, академиктерді ғана зиялы деп танып, оқымаған, университет
бітірмеген, бірақ көпті көрген, өмірден түйгені мол адамды зиялы емес десек,
қателесеміз.
Мәселен, менің пайымдауымша, зиялылықтың шыңы – Абай. Оның академик-
тік атағы жоқ. Оған кезінде сен осы қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап,
жағдайын ойла деп ешкім айтқан да жоқ. Ол өзі іштей қабылдаған аса зор
жауапкершілік міндетін, өз ұлтының алдындағы перзенттік парызын адал орындау
үшін қадамдар жасады. Бұл жолда қаншама кедергілерге ұшыраса да рухы түспеді.
Осы ретте, «Ұлы адамдар өз ескерткіштерінің тұғырын өзі орнатады, ал мүсінін
болашақ соғады» деген В. Гюго сөзі еріксіз ойға оралады.