3-тапсырма. Сандар сөйлейді (цифры говорят сами за себя)
Қазақстанның көрікті жерлерінің бірі – Ақсу-Жабағылы
қорығы. Қорық Талас Алатауының етегінде орналасқан. Бұл
қорық 1962 жылы мемлекет қайраткері – Тұрар Рысқұловтың
ұсынысымен құрылған. Қорықтың ең ірі өзеніАқсу , оның
ұзындығы 120км, ені – 10м.
Қорықта алманың 20 шақты түрі өседі. Олардың бәрі
Алматы апортының ең жақын туысы.
Ақсу-Жабағылы қорығында қызғалдақ пен сарғалдақ өседі.
Қызғалдақтың алты түрі де алғаш осы қорықта өскен. Грейг
Қызғалдағын Ақсу-Жабағылыдан Голландияға апарған. Грейг
Қызғалдағы 1877 жылы Голландияда жоғары бағаланып,
дипломмен марапатталған. Содан бері әлемге біздің
қызғалдақтың 200-ден астам түрі тараған.
Ақсу-Жабағылыда жазықтар, биік шыңдар, жартастар, таулар
бар. Өзендер мен сарқырамалар бар. Көгілдір биік таулар
аспанмен таласады.
Теңіз деңгейінен 3000 м биіктікте орналасқан тастарға сурет
салынған. Тастарда жануарлар, аң аулаған ежелгі адамдар
бейнеленген.
3000
20
200
Ақсу-
Жабағылы
қорығы
10
120
1877

Nastya45t7 Nastya45t7    2   04.05.2021 15:12    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi