3-тапсырма. сөздерді оқып, біріккен сөздерді табыңыз.
үлгі: қос+құдық, қара+жол, ақ-теңіз, көк-жиек, ай-дос, ақ-қу, бір-жан,
әлде-қалай.
әбу али ибн синаның медицинаға қосқан үлесі
ибн сина көрінбейтін жұқпалы аурулардың қоздырушысы туралы
ғылыми болжамды алға тартты, бұлар ауа және су арқылы тарайтынын
айтты, 800 жыл өткеннен соң ғана француз ғалымы пастер қоздырушы
микроб туралы бұл жұмбағын дәлелдеді. ибн сина тамыр туралы оқуды
шығарды, оған әлі бір нәрсе қосу қиын болды. «тамыр толқын тәріздес
немесе ұршық тәріздес, екі соғу, ұзақ, дірілмен, қысқа, аз, баяу, құмырсқаның
илеуіндей болуы мүмкін. тамыр сонымен қоса жұмсақ, аласа, ара тәріздес,
жуан, бос, қызу, күйгелек болады» - деп айтылған «ережеде». ибн сина
бірінші болып оба, тырысқақ, сары ауру туралы жазды, олардың шығу
себептерін, нышандарын талдап шықты, мұндай ауыр ауруларды, менингит
сияқты, асқазан жарасы, диабет және көптеген басқа аурулардың емдеу
әдістерін талдап қарастырды. ол көздің бұлшық еттерінің құрылысын анық
түсіндіріп берді. бәрі оған дейін көз фонарик тәрізді, ерекше сәуле шығарады
деп ойлайтын: бұл сәулелер затқа шағылысып, кері кетеді және кескін береді.
ибн сина көздің бұлағы хрусталь деген пікірді теріске шығарды, заттың
кескінделуі көз торы арқылы көрінеді. «дәрігерлік ғылымның ережесінде»
ибн сина ерекше назарды тәрбиелеу мен тамақтандыруға, қ
жаттығулар мен дұрыс тамақтануға аударады. ибн синаның еңбегінің
соншалықты жоғары болғаны, ол «ережені» жазып біткен соң, ол дүние
жүзінің барлық елдерінде медицина энциклопедиясы болды. 12 ғасырдың
өзінде араб тілінен латын тіліне аударылып, көптеген қолжазбамен тарады.