Күшейткіш үстеу сынның немесе қимылдың, іс-әрекеттің белгісін я сапасын күшейтіп я солғындатып көрсетеді. Күшейткіш үстеулер көбінесе сапалық сын есімдермен тіркесіп жұмсалады да, онымен тұтасып келіп сын есімнің күшейтпелі шырай түрін жасауға негіз болады. Мысалы: ең әдемі, тым биік, өте жақсы, аса терең, орасан зор т. б.
Күшейткіш үстеулердің біразы етістікпен тіркесіп, қалай? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың сипатын күшейте я солғындата көрсетеді. Мысалы: мүлдем білмейді, әбден шаршаған, сәл жүріңкіре, керемет сөйлейді т. б.
Құрамы жағынан күшейткіш үстеулер негізгі түбір болып келеді.

Түк көрінбейді
Жазып жіберші