3-тапсырма. Сөйлемдерден демеулік шылауларды тауып жазыңдар. 1. Олардың бәрін былай қойып, сөз кезегін берер ретін білмеген-ді. 2. Жай- лаудан бері де талай асулар, тар кезеңдер мен самал желді сары белдер жатыр. 3. Енді маған жетпегені соңымнан тыңшы мен барлаушылардың еруі ғана. 4. Есік алдында пар атты арбалар да тұр екен. 5. Шіркін, кіндік кескен жердің дәмі екен ғой! 6. Үкілеген, құйрығын түйген, бауырынан жараған аттар әр жерден-ақ шығып жатыр. 7. Түу, болмадыңыз-ау! 8. Өзеннің суын жаңбырша шашыратып, арғы бетіне барып бір-ақ тоқтады. Демеулік шылаулар - тіркескен сөздеріне қосымша мағына, реңк үстейтін немесе сөйлемге эмоционалды өң беретін шылаулар.