3-тапсырма.Қою қаріппен жазылған сөздерді аудару,сөйлем құрау. Қазақтың ауыз әдебиетінде айтыстың бірнеше түрі бар (жоғарыда
сызбада берілді). Айтыс түрлерінің өзіндік ерекшеліктер бар.
Бәдік айтысы – айтыстың көне түрі. Адам «Табиғаттағы барлық
заттың Тәңірі бар» деп түсінген. Соларға құлшылық еткен.
өлі мен тірінің айтысы адамның қайғы-қасіретіне құрылған. Онда
жақын адамынан айырылған адамның ішкі сезімі суреттеледі. Бұл айтыс
Жануарлар мен адамның айтысында адамдардың тұрмысы-тіршілігі
туралы айтылады. Онда адамды ерінбей еңбек етуге шақырады.
Адам табиғаттың сырын білгісі келеді. Өмірде бар ұсақ нәрселерді
жұмбақ етеді. Жұмбақ айтысқа түсу үшін білімді болу керек. Сондықтан
жұмбақпен айтысушылар өте аз болған.
Жар-жар айтысы ұзату тойында айтылады. Қыздар мен жігіттер екі-
rе бөлініп айтысады. Жар-жар әуенмен айтылады. Ұзатылатын қызға
жақсы тілек айтылады. Жар-жар қазір де айтылады.
Қыз бен жігіт айтысы тойда айтылады. Әлеуметтік мәселелер айтыл-
майды. Ақын болу міндетті емес. Жұп болып ойын-тойда айтады. Айты-
ста әзіл, күлкі көп болады. Айтыс тапқырлыққа құрылады.
Ақындар айтысының тақырыбы алуан түрлі. Мұнда халықтың тұрмыс-
жағдайы, тарихы және т.б. әлеуметтік мәселелер айтылады. Ақындар
қоғамдағы жағымсыз нәрселерді сынайды. Осылай тыңдарманның
ықылас-ілтипатына бөленеді. Ақындар айтысы мазмұнымен ғана емес,
көркемдігімен де жоғары болуы керек. Қазір қолданып жүрген нақылдар
мен шешендік сөздер осы айтыста туған.
е​

аня2939 аня2939    3   21.04.2021 11:44    9

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi