3-тапсырма. қоршаған ортаның денсаулығына әсері туралы
достарыңмен ой бөлісіңдер. «байқоңыр» ғарыш айлағы, семей аймағы,
арал теңізіндегі экологиялық апаттар жайлы не білесіңдер? тура және
ауыспалы мағынадағы сөздерді қолданып, ойларыңды әсерлі, мазмұнды
жеткізуге дағдыланыңдар.
Объяснение:ответ:
ХХ ғасырдағы ұлы оқиғалардың бірі де бірегейі – адамзат тарихында алғаш рет ғарышқа адам ұшырған Байқоңыр ғарыш аймағының дүниеге келуі болып табылады. Алайда қазіргі таңда ТМД – дағы осы бір аса ірі ғарыш кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптары байқалып отыр.
Ғарыш айлағының жұмысы қоршаған ортаға мынадай кері әсерлерін тигізуде:
— ұшу процесінен кейін, атомосфераның табиғи режимі бұзылады;
— атмосфераны және жер беті қабаттарын токсинді зымыран жанармайының қалдықтарымен ластайды;
— атмосфераның озон қабатын бұзады;
— территорияларды ұшу аппараттарының қалдықтары мен сынықтарымен зақымдайды;
— қышқылды жаңбырдың жаууына себепші болады;
— ауқымды масштабта температураның жоғарылауына әсерін тигізеді.
Лабораториялық жағдайда жүргізілген зерттеулердің нәтижесі өсімдіктердің бойының қысқа болып, кейбір морфологиялық өзгерістер байқалып, ауылшаруашылық өнімдерінің сапасы нашарлап және өнімділігінің төмендейтінін көрсетеді.
Сондай – ақ, жыл сайын Байқоңыр кешенінен Қазақстан Республикасы аумағына 30 – 35 мың тонна улы заттар таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтіреді. Көптеген ғылыми зерттеулер ауа ылғалдылығының төмендеуі, жылдың әр мезгілінде температураның күрт өзгертуі, ғарыш ұшу аппараттарының жұмысымен байланыстырады.
Қуатты ғарыш ұшу аппараттары ұшырылатын «Байқоңыр» ғарыш айлағына жақын орналасқан аймақтарда ауа райы құрт бұзылып, 3-5 туәлікке дейін боранды құм суырып, жел болып, температураның төмеңдеу процесі жиі байқалатыны белгілі.
Ғарыш айлағы жұмыс жүргізгеннен бастап «Протон» зымыран жеткізгішінің 260-тан астамы ұшырылған.
Ғарыш ұшу аппараттарының қоршаған ортаға басты зиянды әсері ауа ағынын күшейтумен шектеліп қоймайды, түріне қарай салмағы 3,2 тоннадан-16,2 тоннаға дейін болатын зымырандардың жағар және жаңармай қалдықтары құрамында химиялық токсинді қосылыстардың болуында. Соңғы 30 жылдың көлемінде осы салаға қатысты мамандар химиялық жанармаймен жұмыс істейтін зымыран двигательдері қалдықтарының қоршаған ортаға ттигізетін зиянды әсерлерін зерттеуде. Осы ғылыми зерттеулердің нәтижесі, зымыран двигателінен бөлінетін қалдықтардың атмосфераның төменгі қабатына ауқымды масштабта зиянды әсерінің жоқтылығын дәлелдесе 40 – жылдан бері жинақталған мәліметтерге қарағанда олардың зиянды әсерлерін анық көруге болады.
«Байқоңыр» ғарыш айлағы орналасқан аймақтың басты экологиялық мәселесі – Арал теңізі деңгейінің төмеңдеуі және жердің тұзданып құрғақшылыққа ортаға қосымша кері әсерін тигізуде.
Бұл процесс суы тартылып, табаны кеуіп, тұзға айналған Арал аймағы үшін қаншалықты кері әсері барып айтпасқа болмайды.
Қоршаған ортаның және халықтың экологиялық қауіпсіздігін нығайтып, қазіргі кездегі өзекті мәселелерді шешу көптеген жұмыстардың атқарылуын талап етеді. Ал бұл мақсатқа жету үшін мынадай шаралардың орындалуы қажет:
— қуатты зымырандардың ұшырылуын сирету;
— егінді жинау және бау-бақшалардың гүлдеуі кезінде токсинді химиялық қосылыстарды бөлетін зымырандарды ұшырмау;
— токсинді зымыран жанармайларын сақтауда және тасымалдауда қауіпсіздік шараларын сақтау;
— аймақтың суы, топырағы, өсімдіктеріне жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізу;
— зымыран бөлшектері құлайтын аймақтардағы халықтың денсаулығын медициналық тексерулерден өткізу т.б. жұмыстар атқарылуы қажет.
Сондай – ақ, біз Қазақстан Республикасының болашақ негізін қалаушы жастар ретінде тек Байқоңыр ғарыш айлағының мәселесін қарастырып қана қоймай, бүкіл Қазақстан және әлемдегі экологиялық проблемалардың алдын алуға үлес қосуымыз қажет. Себебі, аздаған салғырттық әсерінен бүкіл әлемге қауіп төнуі мүмкін. Мысалды алыстан іздемей өзіміз қарастырып отырған Байқоңыр ғарыш айлағын алуымызға болады. Өйткені Байқоңыр ғарыш айлағының проблемасы сол аймаққа ғана емес, қазіргі күнде әлемдік проблема болып табылатын Арал теңізінің экологиясының нашарлауына да әсерін тигізуде.
Қорыта айтқанда, біз атмосфералық ауаға «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылатын зымырандардың жаңармай қалдықтары мен Арал теңізінен көтерілетін тұздың қоршаған ортаға әсері туралы толық мәліметтерді зерттеу қажет екендігін баса айтқымыз келеді.
Сондықтан, жалға берілген Қазақстан территориясындағы ғарыш айлағын бақылау, болжау, зерттеу жұмыстарын жауапты қадағалау керек.