3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, тезис жазыңыздар. (Прочитайте внимательно текст и запишите тезис в тетрадь).
М.Әуезов атындағы академиялық драма театры
1926 жылы дүниеге келген қазақ өнерінің кәсіби қара шаңырағы - М.Әуезов атындағы академиялық
драма театры. М.Әуезов атындағы академиялық драма театры – ұлттық мәдениетіміздің мақтанышы.
Республикамыздағы кез келген өнер ордасы осынау киелі шаңырақтан еншісін алып, жеке ұжым ретінде ел-
жұртқа танылған. Опера, балет өнері, филармония, Қазақконцерт - қай-қайсысы да осы тұнғыш драма
театрының құрамынан бөлініп шыққан мәдениет ошақтары. Сол сияқты қазақ режиссурасы мен актерлік
шеберлік құпияларының да жан-жақты өрбіп, дамып-даралауына осы аталған театрдың ықпалы өте зор. Өзінің
85 жылдан астам шығармашылық ғұмырында ондаған-жүздеген өнер жұлдызының аты-жөндерін ел-жұртқа
кеңінен танытты. Атақты өнер отауының алғашқы тізгінін ұстағандар: М.Әуезов, Ж.Шанин, Ж.Аймауытов,
Қ.Қуанышбаев, С.Қожамқұлов, Ш.Айманов, С.Майқанова секілді әйгілі тарлан боздар.
Ғ.Мүсірепов, І.Жансүгіров, С.Мұқанов, Қ.Мұхамеджанов, Ә.Тарази, Қ.Ысқақ, Д.Исабеков, Иран-Ғайып
сынды драматургтеріміздің де шығармашылық табыстары осы үлкен театр тарихымен тығыз байланысты.
Иә, сахна киелі. Оның төрінде күні кеші ғана төл сахнамыздың дүлдүлдері: Б.Римова, Н.Жантөрин,
Ы.Ноғайбаев, Ә.Молдабековтер өздерінің саф өнерлерін барынша паш еткен. Олар дәстүр-түлімдеріне берік,
мамандықтарына шын құмар да құштар жандар еді.
Ә.Сығай. «Театрлар шеруі» кітабынан

polinapolina22 polinapolina22    3   22.10.2020 18:10    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi