3-тапсырма. Мәтінді оқып, оның құрылымын анықтаңыз. Мәтіннің ресімделуіне назар аударып, мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажыратыңыз. Еске салсақ, белгіленген үш ай мерзімінде ЭКСПО-2017 көрмесіне шамамен 2 миллион адам келеді деп жоспарланған болатын. Дегенмен, бұл болжам екі айға жуық уақытта-ақ жүзеге асты. Нақтысында 4 тамыз күні халықаралық мамандандырылған көрме екі миллионыншы келушіні қарсы алып үлгерді. Ал 25 тамызда ЭКСПО-2017 көрмесіне үш миллионыншы келуші тіркелді. Көрмені тамашалаушылардың басым бөлігі Қазақстанның Ұлттық павильоны - «Нұр Әлемге» айрықша қызығушылық танытқан. Нәтижесінде, тамызда ЭКСПО-2017 көрмесінің басты нысанына келушілер саны миллионнан асып түсті. Ресми дерекке сүйенсек, ЭКСПО-2017 көрмесіне келушілердің 15 пайызын шетелдік қонақтар күрайды, оның басым бөлігі ресейлік келушілер. Бұл жөнінде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ төрағасы Ахметжан Есімов мәлімдеді. Жоспарланған межеге жеттік, ЭКСПО-2017 көрмесінің басты мақсаттарының бірі туристік саланың қар- кыны памуына ықпал ету болатын Болжам орынпаппы Жұмыс орындары көбейіп табыс, көпемі артты Әсіресе, шағын және орта бизнес саласында мультиплекативтік әсер жақсы байқалды. Елордалық қонақ- үйлердегі меймандар саны екі есе көбейді. Жаһандық энергетикалық төңкерістің озық технологиялары паш етілген тарихи алаң «Астана ЭКСПО-2017» көрмесі үш ай бойына талай жақсылықтың жаршысы болды. Тіпті адамзат үшін əрі мол, әрі арзан энергетика көзін ашатын төңкеріс ЭКСПО-2017 көрмесінің павильондарындағы озық жобалар мен жаңа технологиялар түрінде Астанадан бастау алды деуге болады. https://egemen.kz/article/157770-ekspo-2017-kormesi-marege-tayady Стилі Құрылымы Жанры

StasuxaStasyan StasuxaStasyan    1   25.11.2021 14:27    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi