3-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Мәтінді оқып, аннотация жазыңдар. Конституция, Ата Заң ( латынның лат. constitutio — яғни «құрылым» сөзінен шыққан) — Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы. Қазақстан Республикасының Конституциясы — конституциялық заңдардың қағидаларын тұжырымдап, бір арнаға келтірген Ата Заң, яғни мемлекетіміздің Негізгі Заңы болып табылады. Конституция осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылады. Қазақ КСР Конституциясы Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс VII сессиясында 1978 жылы 20 сәуірде қабылданған. 1995 ж. 30-тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданған. Ол кіріспеден және 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің қайнар көзі- өзінің егемендік құқығын баянды етті. Ата Заң қабылданған күн 30 тамыз- мемлекеттік мереке – ҚР Конституциясының күні деп жарияланды. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев өзінің "Қазақстан жолы» кітабында: "Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін бізге бүгінгі өмір шындығымен және алдағы уақытпен бірге қадам басып, өткен ұрпақтың іс-тәжірибесі мен жарқын болашаққа деген сенімді жинақтаған Негізгі Заң қажет болды. Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы ашық және демократиялық қоғам орнатудың негізгі принциптерін баянды етуге тиіс болатын",– деп жазады. Еліміздің Ата Заңы мемлекетіміздің бүгінгі құрылымын шынайы бейнеленген, ұлттық мақсатты айқындап берген темірқазық.
Дескриптор берілген мәтінді оқиды; аннотация жазуда жанрлық және стильдік ерекшеліктерін сақтайды;