3-тапсырма: Мәтінді оқу, тыңдау. Мәтіндегі термин сөздерін анықтау. Мәтіннентуынды сын есімдерді тауып, сөз құрамына қарай талдау. Абай атындағы сазды – драмалық театры

Театр – ойын - сауық орны. Мұнда ойын – сауықтан басқа драмалық шығармалар, мәлени шаралар да өтеді. Театр ең алғаш Грецияда ашылған. Қазақ театр өнері ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерімізге негізделген. Үйлену салты, шілдехана тойымен байланысты өтетін ойын-сауықтар, ақындар айтысы, т.б. дәстүрлеріміз театр өнерінің алғашқы көріністері болған. Кейін халқымыздың талантты өнерпаздары шағын труппалар құрып, ел аралап, жәрмеңкелерде өнер көрсеткен. 1917 жылы Ойқұдық жайлауында (Абай ауданында) Мұхтар Әуезовтің «Еңлік –Кебек» трагедиясы тұңғыш рет қойылды.

1920 жылы "Ес-аймақ" драма труппасы құрылды. Труппаның ұйымдастырушылары Мұхтар Әуезов пен Қаныш Сәтбаев және режиссер Ғалиакпар Төребаев бастаған зиялылар өкілдері мен студент-жастар болды. 1934 жылы 10 мамырынан бастап осы драма труппа негізінде Семей драма театры құрылды. Театр шымылдығы Iлияс Жансүгіровтың «Кек» пьесасымен ашылды. 1945 жылы театрға Абай Құнанбайұлының есімі берілді. Театр алғаш рет құрылған жылдары онда режиссер Жұмат Шанин, жазушы Орынбек Беков, композитор Латиф Хамиди, әнші Әміре Қашаубаев, ақын Иса Байзақов және тағы басқа өнер тарландары қызмет етті. Олар театр тарихына өшпес із қалдырды.

Театр сахнасынан Мұхтар Әуезовтің "Еңлік-Кебек", "Айман - Шолпан", Ғабит Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш - Баян сұлу", "Қыз Жібек", Сәкен Сейфуллиннің "Қызыл сұңқарлары" спектакльдері түспей келеді. Соңғы жылдары театр репертуары байи түсті. Театр 2014 жылы 80 жылдық мерейтойын атап өтті.

denchannelgaming denchannelgaming    1   01.03.2021 07:46    5

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi