3-тапсырма Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі азатжолдар бойынша шағын жоспар құрыңыз.
Жетіқарақшы
Жетіқарақшыны жұлдыздар шоғыры түнде уақытты және жол бағытын анықтау үшін қызмет еткен. «Жетіқарақшыны таныған жеті түнде ада » деген сөз Жетіқарақшыға дұрыс мән бере алған адам түнгі уақытта жол бағытын дұрыс анықтай алады дегенді білдірсе керек.Жетіқарақшы мен Үркердің жұлдызжарына қарап,түннің қай кез болғанын,жылдың мезгілін білетін болған.
Халық арасында мынадай аңыз тараған: «Жетіқарақшыны Үркердің Үлпілдек атты сұлу қызына ғашық болып,ұрлап кетеді. Қызын қарақшылардан құтқарып алу үшін,Үркер әлі күнге дейін Жеті қарақшыны қуып жүр,жақындап қалғанда,ылғи да таң атып қала береді екен. Ең жарқырап тұрғаны-қарақшылардың бастығы,жанындағы көмескіленіп көрініп тұрған-сол Үлпілдек».
Шындығында,Жетіқарақшы Темірқазықты айналып,Үркерге жақындағанда, таі бозара бастайды.Дала тұрғындары Жетіқарақшының қозғалысын сағат тілінің қозғалысы ретінде қолданған.Олар түн ортасында және таң алдында Жетіқарақшының қай жерде тұратынын білген. Жетіқарақшы қазақтығ мал күзеткен күзетшілерінің астрономиялық сағаты еді.Күздің ұзақ түнінде күзетшілер Жетіқарақшыға қарап кезек ауыстырған.
Жоспар
1.
2.
3.
1:Жетіқарақшы жұлдызы
2:Жетіқарақшы туралы аңыз
3:Жетіқарақшы туралы шындық