3-тапсырма.Көп нүктенің орнына тиісті -а, -е, -й, -ып, -іп, -п жұрнақарды қойыңыздар ( қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемі болу керек).
Бүгінгі заман – робототехниканың қарқынды дамыған кезеңі. Заманауи роботтар адамдарға түрлі салада көмек көрсет ... , тіпті көңіл көтеру үшін билеп, ән салып бере алады. Сондықтан да ғалымдар адамдарға барынша ұқсас гуманоид роботтарды ойлап табуға тырысып жатыр. Болашақта, яғни, 20–30 жылдан кейін роботтар адам сияқты сөйлеп, түсіну деңгейі жоғарыла... , «ойлай» алатын болады. Ғалымдардың пікірінше, болашақта роботтар адамдарға қарағанда физиологиялық жағынан күштірек болады. Жүгіру мен секіруге келгенде олардың адамдардан асып кететініне сенеді. Олар күнделікті тұрмыста қажет ететін жұмыстарды орындайтын болады. Қазіргі таңда ғалымдар «Әлемді роботтар жаулап ала ма?» деген сұрақ төңірегінде түрлі пікірталасқа түсіп жүр. Мысалы, Стивен Хокинг «Жасанды сана – адамзатқа қауіпті. Ол уақыт өткен сайын өзі тектес роботтар құрастыруды қолға ала бастайды. Роботтар төңкерісі өте жылдам дамы... , адам оған қарсы тұра алмай қалуы мүмкін. Адам роботты емес, робот адамды басқарып кетеді» деп есептейді. Алайда, Бауыржан Момышұлының «Техника қаншама жетілгенімен, ойлайтын, парасатты адамның орнын ауыстыра алмайды» деген пікірі шетелдік ғалымның көзқарасына қайшы келеді.