3-тапсырма. Драмалық шығармалардан жақшаға алынатын ремаркалардың тыныс белгілерінің орналасу тәртібінің әр түріне мысалдар келтіріңдер. Керек дерек! Тыныс белгі Тыныс белгілерін дұрыс қолданудың бір негізі – интонация. Мысалы, белгілі бір хабарлы сөйлемді айтқанда, оқығанда сөйлем соңында кідіріс болады. Сөйлем. нің бірыңғай мүшелерін оқығанда олардың әрқайсысынан кейін және құрмалас сөйлем құрамына енген әрбір жай сөйлем арасында кідіріс болады. Сұраулы, лепті сөйлемдерді оқығанда дауыс көтеріңкі шығып, айрықша интонация байқалады. Сөйлеу тіліндегі мұндай интонация жазба тілде белгілі бір тыныс белгісін қоюды қажет етеді. Мысалы, Байлықтың атасы – еңбек, анасы – жер; Адамдықтың белгісі – иіліп сәлем бергені, шын достықтың белгісі - көп кешікпей келгені деген сөйлемдердегі сызықшалар бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен немесе заттанған есімшелерден жасалғандықтан қойылып тұр. Бұл - сызықша қоюдың грамматикалық белгісі. Сонымен бірге бұл сөйлемдерді айтқанда сызықша қойылған жерлерде кідіріс жасалады. Бұл - сөйлемдегі, ондағы жеке сөздерді айту интонациясы. Осы интонация бұл арада тыныс белгісі қойылатын жерге сай келіп тұр. Сызықшаны қолданудың негізгі принципі - грамматикалық белгімен қатар, бұл жерде интонация да сөйлемнің тыныс белгісін дұрыс қоюға себепші болып, белгілі бір тыныс белгісі керектігін аңғартқандай болып тұр. «Қазақ пунктуациясының теориялық және практикалық мәселелері» оқу-әдістемелік кешенінен