3-тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар. 1-деңгей. Мәтіндегі ақпаратты негізге алып, мақсат үстеулерімен 4 сөйлем жазыңдар.

2-деңгей. Мәтіндегі негізгі ойды білдіретін мақал-мәтелдер тауып жазып, мағынасын түсіндіріңдер.

3-деңгей. «Қазақтың дастарқаны» тақырыбында ойтолғау жазыңдар.

Дәм таттыру мәтіні
Қазақтар асты «дәм» деп атайды. Халық арасында біреу-
ді еске алғанда «дәмдес болып едік», «үйінен дәм татып едік»
деп, ренжігенде, өкпелегенде «дәм-
тұзым атсын», «дәм-тұзыма сал-
дым» дейді. Бұл сөздердің ұлт тұр-
мысы мен өмір жолында, таным-
түсінігінде, наным-сенімінде өзін-
дік дара орны бар. Өйткені әр қазақ
өздерінің жақын-жуығы мен ілік-
жегжаттарына ғана емес, ел сыйла-
ған белгілі, құрметті азаматтарға,
қадірлі ақсақалдарға, ана-әжелерге өз үйінен арнайы дәм
татқызуды үлкен мұрат, адамдық парыз деп санаған және ол
жолдан күні бүгінге дейін тайған жоқ. Тек таныстар емес, кез
келген жолаушыға, бейтаныс кісіге де дәм татқызбай жібер-
меген. Себебі ұлт ұғымында дәмде, аста, тамақта кие, қадір-
қасиет, ырыс-береке, тірлік бар деген терең түсінік тым ерте-
ден-ақ қалыптасқан. Дәм таттырудың қоғамдық, әлеуметтік,
елдік істерде қызметі өте зор болған. Ең алдымен, әдейі шақы-
рып дастарқаннан дәм татқызу – ата салт, қазақи тәртіп әрі
жол-жоралғы, әдеп. Екіншіден, ол – сыйлаудың, аса құрмет-
теудің, жақсы көңілдің айғағы. Үшіншіден, қай жерде де, қан-
дай күнде де сыйласып, қорған, қамқор, тілектес бола жүру-
дің кілті. Дәмдес болған адамдар бір-біріне ел дәстүрі бойын-
ша қиянат жасамайды, жоғалғанын іздеседі, табысына қуана-
ды. Қуаныш, қайғысына да ортақтас болады. Бұл – ғасырлар
бойы санаға сіңген салиқалы салт, бұлжымас әдет. Демек, дәм
татқызу, дәм тату - таза адамгершілік, достық, бірлік белгісі
және куәсі. Бұл жақсы үрдіс халықпен бірге жасайды.

аааааа333 аааааа333    3   10.03.2021 14:22    5

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi