3 - тапсырма . Д. Досжанның « Жібек жолы » романынан алынған үзіндіні оқы . Мәтіннің мазмұнын баянда. ... Ақиық ұстазы – Әбу Насыр Мұхаммед ұлы Мұхаммед Тархан Фараби туралы ойлады . Әбу Насырдың « Ізгі қала халқының көзқарастары туралы кітап » деген ғажайып шығармасын еске алды . Ол шығарманы үш рет оқып шыққан . Кітапта ұлы ғұлама қоғам туралы айтқан . Ұстазы қоғамды « толық » әм « толымсыз » деп екіге бөледі . Толық қоғамның өзі үш түрлі : үлкен , ор таша және кіші . Үлкен қоғам – бүкіл жержүзіндегі ақылды адамзат ; орта ша қоғам – белгілі бір ел , мемлекет ; кіші қоғамға жеке - дара қала халқын жатқызған . Енді осы қалалардың өзін « ізгі » және « надан » деп екіге бөледі : « Адамдары бақытты болу үшін біріне бірі көмектесіп отыру мақсатымен бір лескен қала ізгі қала болады , халқы бақытқа жету үшін өзара көмектесіп отыратын қоғам да ізгі қоғам болады » , – дейді . ... Надан қалаларды Әбу Насыр сегіз түрге бөледі . Бұл қалалардың халқы бас пайдасын жұрт мүддесінен жоғары қояды , өзімшіл , менмен , мақтаншақ келеді Олардың ұғымынша , өмірдің ең асыл ләззаты байлықта , билікте Ауызбірлігі мол , түсінігі терең , бір - біріне қол ұшын беріп отыратын қаласы осы Отырар емес пе ? Әбу Насыр ізгі қаланы қатты аңсаған . Оның ойынша , ізгі қала тұрғын дарының дені бақытты , білімді , өнерлі , зергер , еңбексүйгіш , меймандос шыншыл болады . Өсек , өтірік , ұрлық , бұзақылық жойылған . Жұрт та бір - бірі не үнемі ізгі ниетпен көмектеседі , қуанышын қоса көтереді . Ешбір қаламе соғыспайды , бірақ өзгелер шабуыл жасай қалса , тойтарар қайраты мол . Еш кімге есесін жібермейді . Ол қаланың әміршісі де ержүрек , білімді , қылышти емес , кітапты сыйлайтын саналы жан болғаны ләзім .