3-тапсырма. Берілген «Менің Дағыстаным» прозалық шығарма үзіндісінен көріктеу құралдарын табыңыз. Ана тілім менің! Сен маған ризасың ба, білмеймін, бірақ менің тірлігім – сенсің, мен сені мақтан етем. Сонау тұңғиық терең жер түбінен жарыққа, күнге, жасыл шөпке асыққан бұлақ суындай ана тілімнің сөздері жүрегімнен қайнап шығып, алқымыма тіреледі. Ернім күбірлейді. Өз күбіріме өзім құлақ тігем, ана тілім, саған құлақ тігем, сонда маған бейне тұңғиықтан шымырлап шыққан таудың асау өзені елестейді. Мен судың бүлкіл қаққан дыбысын сүйем. Мен болаттың сыңғырын ұнатам, қынабынан суырылған екі қанжардың бір-біріне соғылған дыбысын сүйем. Осының бәрі менің тілімде бар. Сондай-ақ махаббат сыбырын да жақсы көреді.​

Kirill4421 Kirill4421    2   06.05.2021 10:37    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi