- 3- тапсырма. Берілген мәтіндегі асты сызылған тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстырып, жинақы мәтін жазыңыз, тақырып қойыңыз. Көлемі 60-70 сөз [5] Қоңқайдың «Қамбардың майда қоңыры» күйінің аңызы домбыра аспабының шығу тарихынан сыр тартады. Жылқының пірі атанған Қамбар ата алғаш домбыра аспабын жасап, онда алғаш күй шығарып тартқан адам деген аңыз қазақ пен қатар түркі халықтарының біразында кездеседі. Осы аңызды Қоңқай күйшінің білгені анық. Қоңқайдың «Қамбардың майда қоңыры» күйінің аңызында осы жағдай егжей-тегжейлі баяндалған. Осы бір күйді орындап, әрі аңыз-әңгімесін айтып жеткізуші Күнес ауданы Талды ауылы Шегірбұлақ қыстағының тұрғыны домбырашы Шыңғысхан Тұтқабекұлы: «Жылқы пірі Қамбардың жорға-жүрісі бірдей қоңыр аты болыпты. Ол осы атына мініп, қайыру бермей жабайы болып кеткен жылқыларды өрістен айдап келіп ауылдың атпал азаматтарына құлындарды шыңғыртып байлатып, асау биелерді ұстатып саудырып, тұңғыш рет қымыз ашытыпты. Қамбар ата қымыз іше отырып, мүсіні мен жүрісіне, желісі мен шабысына жылқы малы тең келмейтін қоңыр атына арнап күй шығарыпты. Ең алғаш домбыра жасап күй шерткен де осы Қамбар ата екен.

botatj botatj    2   21.12.2020 16:44    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi