3-тапсырма. Балаға қатысты осы салт-дәстүрлердің бүгінгі күнде сақталуы мен бала өміріне қатысты өзіңіз көрген салттарға 5-7 сөйлем көлемінде ой білдіріңіз. 

rasolcheatnet rasolcheatnet    3   19.03.2021 20:26    0

Ответы
darianeklydova1 darianeklydova1  18.04.2021 20:30

Қазақ халқы өзі үшін емес, бала үшін өмір сүрген, өзі аш болса да барын баласының аузына тосқан, өзі қиналса да балам ертең қиналмасын деп бар күшін баласының болашағына арнаған. Ол баласына жасаған жақсылығы ертең қартайғанында алдынан шығатынына сенімді болған. Сондықтан баласы құрсақта пайда болғанда, қуаныштан құрсақ той жасаған. Дүние есігін ашқанда шілдехана, бесік той ұйымдастырған. Мұсылмандықтың басты белгісі ер балаларды сүндетке отырғызған, атқа мінгізіп ерлікке, батылдыққа баулыған. Ер балаларды отбасының егесі, қамқоры, басшысы, отағасы болуға тәрбиелесе, қыздарға қырық үйден тыйым, - деп ер балалардан өзгеше, нәзіктікке, биязылыққа, әсемдікке, әдептілікке, ізеттілікке баулыған. Ал, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу ұлға да қызға да үйретілген. Міне, салт-дәстүрдің маңызы осында, отбасы бірлігінде, сыйластықта, төзімділікте екенін бала күннен үйреткенде. Ол үйренгенін өмірде қолданғанында.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi