Достықтың неше түрі бар? – деп сұрай қалсаңыз, әркім білгенінше жауап беріп жатады. Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен адам өмір сүріпті. Бір күні замандастары әңгіме-дүкен құрып отырған шақта оған:
– Осы достықтың неше түрі болады?, - деп сауал тастаған екен. Сонда Әйтімбет:
– Достықтың екі түрі болады. Бірі – адал достық, екіншісі – амал достық, – деп жауап қайтарыпты. Замандастары тағы да:
– Енді осы екі достықты қалай ажыратамыз? – деп сұрапты. Әйтімбет ойланбастан:
– Адал достық – өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, – депті.
Бір данагөйден достықтың неше түрі бар деп сұрағанда, қария:
Бір достар болады, тағам секілді – оларға әр күні мұқтаж боласың,
Бір достар болады, дәрі секілді – жаның ауырғанда іздейсің,
Бір достар болады, дерт секілді – өздері сені іздеп табады,
Ал, енді тағы бір достар болады, ауа секілді – оларды көрмейсің, бірақ сенімен әрқашан бірге, – деп жауап берген екен.