3-тапсырма, 66-бет Толғау дегеніміз – өмір, адам, заман, жақсылық, жамандық туралы ой қозғайтын әбеби жанр, ол жыр, дидактикалық сарында айтылады. Бізге ауызша жетті.

4-тапсырма, 67-бет

ХІХ ғасырдың басындағы әдебиетте халықтың мұң-зары айтылды. Осы замандағы ақындарды М.Әуезов «Зар заман ақындары» деп атады. Себебі олар отарлық езгіге түскен халық тағдырын зарлап жазды. Бұл заманның ақындар- Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы т.б

5-тапсырма, 67-бет.Риторикалық сұраулы сөйлем. Дулат ақын өлеңін жауабы белгілі сұрау түрінде құрған.

Сенде жетер ме екенсің?

Асып өтер ме екенсің?

Ел шаңына ере алмай, кетер ме екенсің?

Жамылсан тонар ма екенсің?

Сұғыңсаң тояр ма екенсің?

Сұлу сүйер ме екенсің?

Сауыт киер ме екенсің?

Жау қашырар ма екенсің?

Сапы асынар ма екенсің?

Үйге кірер ме екенсің?

Өмір де сүрер ме екенсің?

«О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңі Дулат ақынның Ақтан деген жетім балаға арнаған өлеңі. Бұл- арнау өлең. Дулат ақын бала болашағына алаңдайды, оған бадана көз, тоғыз тор сауыт киіп, жау қашырар ма екенсің, сырты қырлы, жүзі алмас сапы асынар ма екенсің, жібек баулы үйге кірер ме екенсің, бала сүйіп, мал бағып, шаруа болар ма екенсің дей отырып, мақсатына жету үшін Ақтан балаға қажымай-талмай күресу керектігін айтады.

Тыңдалым

1.Бейне материалдан «О,Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңін тыңдау

2.Нұрмұхаммед Жақып «Сәби бакыты» бейнебаянын көру.

Тапсырма

1.Сұрақтарға жауап жаз.

- Нұрмұхаммед Жақыптың «Сәби бақыты» бейнебаянынан не көрдіңдер?

- Бүгінгі сабағымызға қатысы бар ма?

- Ақтан жас кезіндегі жетімдік туралы не айтасың?

- Қазіргі кездегі балалар үйіндегі жетімдік туралы не білесің?

2. Жетім бала Ақтанға қандай өсиет айтасың, дәптерге жаз. 8-тапсырма, 67-бет.

mashenka204 mashenka204    1   24.11.2020 07:35    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi