3-тапсырма (46) и 16
Мәтінді оқы.
Түркістан – көне қалалардың бірі. Ол Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан
Қаланың бұрынғы атауы – Яссы,
Бүгінде Түркістанға туристер көп барады. Түркістанда Қожа Ахмет Ясауидің
кесенесі бар. Ахмет Ясауи ғұлама данышпан, ойшыл, ақын болған. Ахмет Ясауи
кесенесі 8 жыл салынған. Кесенеде 35 бөлме бар.
Түркістанда 16 ғасырда салынған шығыс моншасы да бар. Бір қызығы,
моншаның 9 бөлмесінің бір де бірінде есік жоқ. Бірақ, мұнда ыстық ауа мен
салқын ауа араласпайды.
Қасиетті Түркістан қазақ халқының тарихында маңызды орын алатын
қалалардың бірі.
Мәтіннен күрделі мүшелерді тауып жаз:
Мәтіннен дара мүшелерді теріп жаз: