➢ 3-тапсырма, 118-бет. Мәтіннен ауыпалы мағынадағы сөздерді тауып жазыңыз. (жазбаша/письменно) Жер. Көтер басыңды, Толғанай, өзіңді-өзің ұстай біл!
Толғанай. Жарайды, жарайды, қайтейін, қолымнан келер істен мен танбаймын. Сол бір күн есіңде ме, Жер-Ана?
Жер. Есімде болғанда қандай... Мен еш нәрсені ұмытпаймын ғой, Толғанай! «Тарихтың бәрі тек кітап ішіне сыйып, халық жадында ғана қалады» деу – қате. Бар әлем тарихы мына менің қойнымда. Сенің бар өмір шежірең де, Толғанай. Мен де, менің жүрегім де, құлағым да сенде, Толғанай! Бүгін сенің бауырларыңды еске алатын күнің еді ғой.
Толғанай. Ертеңіне күн шықпай тұрып біз жұмысқа кірісіп кеттік. Жаппай қаз-қатар түскен орақшылар енді ғана бір-екі дестесала бергенде, алыстан құйындата шауып келе жатқан біреу көрінді. Төменгі жақтағы көпірден өтумен жұмысы жоқ, өзеннің жартасты шаппа жарына салып келеді...

beysekeevadaniy beysekeevadaniy    3   18.03.2021 15:46    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi